457.61
493.07
4.99

Подписаться на новости:

Редакция Malim: +7 707 830 77 21

© 2025 Malim.kz Қоғамдық-саяси сайт!

ҚХЛ: Бүгін «Барыс» Астанада кезекті ойынын өткізеді

Бүгін елорданың «Барыс» хоккей клубы Құрлықтық хоккей лигасы аясындағы кезекті тур ойынын өз айдынында Қазанның «Ак Барс» командасынмен өткізеді, деп хабарлайды malimsports.kz.

Ойын 19:30-да «Барыс Аренада» өтеді. Кездесуді Qazsport телеарнасынан тікелей эфирде көруге болады. Матч 19:20-да басталады.

Бұл матч елордалық клубтың өз айдынында өткізетін кездесулер сериясының алғашқы ойыны болмақ. Осы кезеңде «Барыс» «Сибирьмен» (27 қыркүйек), «Адмиралмен» (29 қыркүйек) және «Локомотивпен» (1 қазан) күш сынасады.

Маусымдағы жеті ойыннан «Барыс» 7 ұпай жинап, Шығыс конференциясында 8-орында тұр. Ал «Ак Барстың» еншісінде 5 ұпай бар және ол турнир кестесінде 10-орында орналасқан.

 

Фото: Барыс ХК