457.61
493.07
4.99

Подписаться на новости:

Редакция Malim: +7 707 830 77 21

© 2025 Malim.kz Қоғамдық-саяси сайт!

ҚХЛ: «Барыс» жаңа маусымды елордада бастайды

Астаналық «Барыс» клубы Құрлықтық хоккей лигасындағы (ҚХЛ) 2026/2027 жылғы маусымдағы алғашқы ойындарын өз айдынында өткізеді, деп хабарлайды malimsports.kz.

Маусымдағы алғашқы ойын 7 қыркүйекке жоспарланған. Бұл күні «Барыс» Новосібірдің «Сібір» клубын қабылдайды. Одан кейін астаналық команда Уфаның «Салават Юлаев» және Хабаровскінің «Амур» клубтарымен кездеседі.

Жаңа маусымның толық күнтізбесі 16 маусым күні ресми түрде жарияланады деп күтілуде.

Алдағы маусымға жалпы 22 команда қатысады. Дәстүр бойынша клубтар Шығыс және Батыс конференцияларына бөлінген.

Шығыс конференциясы: «Автомобилист» (Екатеринбург), «Ак Барс» (Қазан), «Металлург» (Магнитогорск), «Нефтехимик» (Нижнекамск), «Трактор» (Челябі), «Авангард» (Омбы), «Адмирал» (Владивосток), «Амур» (Хабаровск), «Салават Юлаев» (Уфа), «Сібір» (Новосібір), сондай-ақ «Барыс» (Астана).

Батыс конференциясы: СКА (Санкт-Петербург), «Спартак» (Мәскеу), «Торпедо» (Нижний Новгород), «Лада» (Тольятти), «Сочи», «Динамо» (Мәскеу), «Локомотив» (Ярославль), «Северсталь» (Череповец), ЦСКА (Мәскеу), Минскінің «Динамо» клубы және Қытайдың «Шанхай Дрэгонс» командасы.

Өткен маусымда Гагарин кубогын Ярославльдің «Локомотив» клубы жеңіп алған еді. Финалда олар Қазанның «Ак Барс» командасын 4:2 есебімен ұтты.

 

Фото: "Барыс" ХК