457.61
493.07
4.99

Подписаться на новости:

Редакция Malim: +7 707 830 77 21

© 2025 Malim.kz Қоғамдық-саяси сайт!

ҚХЛ: «Барыс» тартысты ойында «Сибирь» командасын тізе бүктірді

Құрлықтық хоккей лигасының кезекті матчында қазақстандық «Барыс» ресейлік «Сибирь» (Новосібір) клубын 6:4 есебімен жеңді

Елордада өткен Құрлықтық хоккей лигасының кезекті матчында қазақстандық «Барыс» ресейлік «Сибирь» (Новосібір) клубын 6:4 есебімен жеңді, деп хабарлайды malimsports.kz

Кездесудің алғашқы минуттарында қарсылас белсенділік танытып, Роман Калиниченко мен Скотт Уилсон есеп ашты. Дегенмен, «Барыс» ойыншылары Семён Симонов пен Дмитрий Бреус жауапты голдар соғып, таразы басын теңестірді. Одан кейін «Сибирь» қайта алға шыққанымен, астаналық клубтың хоккейшілері Джейк Масси, Семён Симонов, Иэн Маккошен және Мэйсон Мореллидің шайбалары жеңісті сыйлады.

Бұл нәтижеден кейін «Барыс» 9 ұпай жинап, турнир кестесінде 13-орынға көтерілді. Енді елордалықтар 29 қыркүйекте «Адмиралды» (Владивосток), 1 қазанда «Локомотивті» (Ярославль) өз алаңында қабылдайды.

Фото: "Барыс" ХК