Кеше қазақстандық «Барыс» хоккей клубы Құрлықтық хоккей лигасындағы кезекті кездесуін Ресейдің Нижнекамск қаласында «Нефтехимикке» қарсы өткізді, деп хабарлайды malimsports.kz.
Турнир кестесінде қатар орналасқан екі команда да бүгінгі ойында ұпай қорын толықтыруға тырысты. Кездесудің алғашқы минуттарынан-ақ ресейлік клуб белсенділік танытты: Владислав Барулин 1-минутта есеп ашса, Матвей Надворный 8-минутта айырманы еселей түсті.
28-минутта «Барыс» шабуылшысы Аңсар Шайхмедденов есеп айырмасын қысқартты. Алайда екі минут өтпей Кирилл Капустин тағы бір шайба соғып, «Нефтехимиктің» басымдығын қайтарды.
Үшінші кезеңнің басында «Барыс» таразы басын теңестіруге ұмтылды. Райли Уолш 40-минутта бір шайбамен көзге түссе де, есеп өзгеріссіз қалды – 2:3.
Елорда командасы енді сырт алаңдағы сапарын жалғастырады: 29 қазанда Омбының «Авангардымен», ал кейін Челябінің «Тракторымен» кездеседі.
Фото: Барыс ХК