Елорданың «Барысы» бүгін ҚХЛ-дегі кезекті ойынын сырт айдында «Автомобилист» (Екатеринбург) командасымен өткізеді, деп хабарлайды malimsports.kz.
Қазірге дейін командалар 56 мәрте шеберлік байқасты. Оның 33-і елордалық команданың басымдығымен аяқталса, қалғанында ресейлік ұжым жеңіске жетті.
Кейінгі бес кездесудің үшеуінде қазақстандық клуб аталған қарсыласына есе жіберді. Турнир кестесінде «Барыс» 36 ұпаймен 19-орынға жайғасса, «Автомобилист» 49 ұпаймен 10-орында келеді.
Фото: "Барыс" ХК