Мәзір
Хоккей

ҚХЛ: «Барыс» сырт айдында «Ак Барспен» кездеседі

Сабина Асқарқызы 64 қаралым
ҚХЛ: «Барыс» сырт айдында «Ак Барспен» кездеседі

Елорданың «Барыс» хоккей клубы бүгін Құрлықтық хоккей лигасы аясындағы кезекті ойынын өткізеді, деп хабарлайды malimsports.kz.

Елордалық команда сырт айдында Қазанның «Ак Барс» ұжымымен шеберлік байқасады.

Кездесу Қазақстан уақытымен 19:00-де басталады. Ойын «Qazsport» телеарнасынан тікелей эфирде көрсетіледі.

Қазіргі уақытқа дейін қос команда бір-бірімен 58 рет кездескен. Оның 10-ында «Барыс» жеңіске жетсе, қалған матчтарда «Ак Барс» басым түскен. Соңғы бес ойында қазақстандық клуб қарсыласына есе жіберіп отыр.

Турнир кестесінде «Барыс» 36 ұпаймен 19-орында тұр. Ал «Ак Барс» 58 ұпай жинап, үздік төрттіктен көрінуде.

 

 

Фото: "Барыс" ХК

Мақаланы бөлісу
Осы тақырыпта

Ұқсас жаңалықтар