Мәзір
Хоккей

ҚХЛ: «Барыс» Ресейде «Трактормен» кездеседі

Сабина Асқарқызы 152 қаралым
ҚХЛ: «Барыс» Ресейде «Трактормен» кездеседі

Қазақстандық «Барыс» хоккей клубы бүгін Құрлықтық хоккей лигасындағы (ҚХЛ) кезекті кездесуін Челябіде жергілікті «Трактор» командасына қарсы өткізеді, деп хабарлайды malimsports.kz.

Матч Қазақстан уақытымен 19:00-де басталады. Ойынның тікелей көрсетілімін Qazsport телеарнасынан тамашалауға болады.

Бүгінге дейін қос команда 58 рет мұз айдында жолыққан. Оның 29-ында елордалық «Барыс» жеңіске жетсе, қалған кездесулерде «Трактордың» мерейі үстем болды. Соңғы бес матчтың ішінде тек біреуінде ғана қазақстандық клуб қарсыласын тізе бүктірген.

Қазіргі таңда турнир кестесінде «Барыс» 19 ұпаймен 16-орында, ал «Трактор» 23 ұпаймен 13-сатыда орналасқан.

Айта кетейік, «Барыс» бұл кездесуден кейін төрт ойынды өз мұз айдынында өткізеді:

3 қараша – «Нефтехимик» (Нижнекамск)

5 қараша – «Салават Юлаев» (Уфа)

7 қараша – «Автомобилист» (Екатеринбург)

9 қараша – «Металлург» (Магнитогорск).

 

 

Фото: Барыс хоккей клубы

Мақаланы бөлісу
Осы тақырыпта

Ұқсас жаңалықтар