457.61
493.07
4.99

Подписаться на новости:

Редакция Malim: +7 707 830 77 21

© 2025 Malim.kz Қоғамдық-саяси сайт!

ҚХЛ: «Барыс» Қазанда «Ак Барстан» жеңілді

Кездесудің алғашқы кезеңі голсыз аяқталды

Қазақстандық «Барыс» хоккей клубы 8 қаңтар күні Құрлықтық хоккей лигасы аясындағы кезекті ойынын Ресейде өткізіп, қазандық «Ак Барс» командасына жол берді.

Кездесудің алғашқы кезеңі голсыз аяқталды. Екінші кезеңде айдын иелері ойын тізгінін қолға алып, қатарынан екі шайба соқты. Үшінші кезеңде командалар бір-бір голдан алмасты.

«Ак Барс» (Қазан) – «Барыс» (Астана) 3:1 (0:0, 2:0, 1:1)

Шайбалар авторлары:

1:0 – Александр Хмелевский (Семёнов, Яшкин) – 30:45

2:0 – Григорий Денисенко (Биро) – 32:25

2:1 – Макс Уиллман (Веккьоне, Уолш) – 51:29

3:1 – Артём Галимов – 57:48

Қақпашылар: Арефьев – Шил

Осылайша елордалық клуб қарсыласына 1:3 есебімен есе жіберіп, турнир кестесіндегі жағдайын қиындатып алды. Бұл – «Барыс» үшін қатарынан екінші жеңіліс.

 Айта кетейік, биылғы маусымда қазақстандық команда «Ак Барспен» өткен төрт матчтың барлығында жеңіліп отыр.

Алдағы уақытта «Барыс» екі ойынын да сырт айдында өткізеді. 10 қаңтарда Уфада «Салават Юлаев» командасымен кездессе, 12 қаңтарда Екатеринбургте «Автомобилист» клубына қарсы ойнайды.

Фото: «Барыс» хоккей клубы