457.61
493.07
4.99

Подписаться на новости:

Редакция Malim: +7 707 830 77 21

© 2025 Malim.kz Қоғамдық-саяси сайт!

ҚХЛ: «Барыс» қатарынан төртінші ойында жеңілді

Қазақстандық «Барыс» хоккей клубы 25 қыркүйек күні Астанада Құрлықтық хоккей лигасының кезекті ойынында Қазанның «Ак Барс» командасына қарсы ойнады, деп хабарлайды malimsports.kz.

Жаңа маусымды сәтті бастаған елордалықтар өз айдынында өткен алғашқы төрт кездесудің үшеуінде жеңіске жеткен болатын. Алайда соңғы үш ойында қатарынан жеңіліп, сәтсіздіктер сериясы жалғасып келді. Бүгінгі матчта да бұл жағдай қайталанды.

«Ак Барс» та маусым басында тұрақсыз ойын көрсетіп, жеті матчтың тек екеуінде ғана қарсыластарынан басым түскен. Сондықтан қазандықтар Астанаға жеңіске деген зор ынтамен келгені анық еді.

Кездесу басталғанына небәрі 14 секунд өтпей жатып, Владимир Алистров есеп ашты. Кейінірек, 42-минутта Никита Дыняк есепті ұлғайтты. Бір минуттан соң, яғни 43-минутта «Барыс» шабуылшысы Майк Веккионе таразы басын теңестіруге талпынып, бір гол соқты. Дегенмен ойын 1:2 есебімен аяқталып, жеңіс қонақтардың еншісінде қалды.

Осылайша «Барыс» қатарынан төртінші рет жеңілістің кермек дәмін татты.

Енді астаналық клуб алдағы үш кездесуін өз айдынында өткізеді. 27 қыркүйекте – «Сибирь» (Новосібір), 29 қыркүйекте – «Адмирал» (Владивосток), 1 қазанда – «Локомотив» (Ярославль) командаларына қарсы ойнайды.

 

 

Фото: Барыс ХК