Құрлықтық хоккей лигасында (ҚХЛ) өнер көрсететін елорданың «Барысы» тұрақты біріншіліктегі кезекті ойынын өз алаңында өткізіп, жеңіске жетті, деп хабарлайды malimsports.kz.
«Барыс Аренада» өткен кездесуде жерлестеріміз Хабаровскінің «Амур» клубын қабылдап, негізгі уақыт пен овертаймнан кейін тең түсті. Жеңімпаз буллиттер сериясында анықталып, «Барыс» 4:3 есебімен басым түсті.
«Барыс» (Астана) – «Амур» (Хабаровск) – 4:3 Б (0:1, 3:1, 0:1, 0:0, 1:0)
0:1 – Ли (Мищенко) – 19:53
0:2 – Дубакин (Заседа) – 20:51
1:2 – Уолш (Қайыржан, Веккьоне) – 29:24
2:2 – Савицкий (Масси, Қайыржан) – 32:07
3:2 – Галимов (Савицкий, Оразов) – 36:43
3:3 – Петьков (Коротких, Евсеев) – 41:18
4:3 – Савицкий – 65:00 (буллит)
Қақпашылар: Шутов – Дорожко.
Айта кетейік, «Барыс» маусымдағы алғашқы турда Челябінің «Тракторын» овертаймда ұтып, енді қатарынан екі жеңіске қол жеткізіп отыр. Келесі ойынды астаналық клуб 13 қыркүйекте елордада Минскінің «Динамо» командасына қарсы өткізеді.
Фото: shaiba.kz