457.61
493.07
4.99

Подписаться на новости:

Редакция Malim: +7 707 830 77 21

© 2025 Malim.kz Қоғамдық-саяси сайт!

ҚХЛ: «Барыс» Нижний Новгородта «Торпедоға» есе жіберді

Ойын қонақтардың белсенділігімен басталды

Қазақстандық «Барыс» хоккей клубы 6 қаңтар күні Құрлықтық хоккей лигасы аясындағы кезекті кездесуін Ресейде өткізді. Астаналық ұжым «Торпедо» командасымен кездесіп, 2:3 есебімен жеңіліс тапты.

Ойын қонақтардың белсенділігімен басталды. Бірінші кезеңнің 13-минутында Кирилл Савицкий есеп ашып, «Барысты» алға шығарды. Алайда араға бір минут салмай Дмитрий Шевченко таразы басын теңестірді.

Екінші кезеңнің ортасында астаналықтар тағы да алға шықты. 30-минутта Ансар Шайхмедденов мергендік танытып, есепті 2:1-ге жеткізді. Дегенмен кездесудің соңына қарай «Торпедо» ойын тізгінін өз қолына алды. Алдымен 34-минутта Владимир Ткачёв есепті теңестірсе, кезең аяқталар тұста Амир Гараев жеңіс шайбасын соқты.

Матчтың ресми нәтижесі:

«Торпедо» (Нижний Новгород, Ресей) –  «Барыс» (Астана, Қазақстан) –  3:2

Шайбалар:

12:48 – 0:1 –  Кирилл Савицкий (Әлихан Өмірбеков, Дінмұхамед Қайыржан)

13:34  –  1:1 –  Дмитрий Шевченко (Виктор Фёдоров С., Роберт Нарделла)

29:15 –  1:2 –  Ансар Шайхмедденов (Кирилл Панюков, Дмитрий Бреус)

33:40 –  2:2 –  Владимир Ткачёв (Егор Виноградов)

39:29 –  3:2 –  Амир Гараев (Богдан Конюшков, Даниил Журавлёв)

Осылайша, «Барыс» соңғы алты ойында бесінші рет жеңіліп отыр. Ал «Торпедо» төрт матчқа созылған жеңіліс сериясын тоқтатты.

Енді қазақстандық клуб алдағы үш кездесуін сырт айдында өткізеді.

8 қаңтар – «Ак Барс» (Қазан)

10 қаңтар –  «Салават Юлаев» (Уфа)

12 қаңтар –  «Автомобилист» (Екатеринбург).

Фото:  «Барыс» ХК