ҚХЛ: «Барыс» маусымды буллиттегі жеңіліспен аяқтады
Астаналық «Барыс» Құрлықтық хоккей лигасындағы биылғы маусымдағы соңғы матчын Ресейдің Новосібір қаласында жергілікті «Сибирь» клубына қарсы өткізді.
Кездесуде есепті алғашқы болып қазақстандық команда ашты. Матчтың 4-минутында Райли Уолш мергендігімен көзге түсті. Екінші кезеңде алаң иелері таразы басын теңестіріп, 24-минутта Семён Кошелев есепті 1:1-ге жеткізді.
Осыдан кейін негізгі уақытта да, овертаймда да командалар жеңіс шайбасын соға алған жоқ. Матч тағдыры буллиттер сериясында шешіліп, онда Михаил Абрамовтың дәл соққысы «Сибирьге» жеңіс сыйлады.
Осылайша, Новосібір клубы буллиттен 2:1 есебімен басым түсті.
Матч нәтижесі:
«Сибирь» (Новосібір, Ресей) – «Барыс» (Астана, Қазақстан) 2:1 Б
(0:1, 1:0, 0:0, 0:0, 1:0)
Шайбалар:
0:1 – Уолш (Веккьоне, Морелли) 03:17
1:1 – Кошелев (Косолапов, Абрамов) 23:32
2:1 – Абрамов 65:00 (буллит)
Қақпашылар:
Бердин – Шутов
Осылайша, «Барыс» ҚХЛ-дегі 2025/26 жылғы маусымды жеңіліспен қорытындылады. Еске салайық, плей-офф кезеңіне турнир кестесіндегі үздік 16 команда жолдама алады. Ал астаналық клуб соңғы төрт жылда бұл межеге жете алмай келеді.
Фото: «Барыс» клубының баспасөз қызметі
Ең көп оқылған