Құрлықтық хоккей лигасында бақ сынайтын елорданың «Барысы» кезекті тур ойынын Астанада «Ак Барс» (Қазан) командасына қарсы өткізді. Тартысты өткен матч жерлестеріміз буллиттер сериясында қарсыласына жол берді, деп жазады malimsports.kz.
Кездесу басынан-ақ «Ак Барстың» шабуылы қарқын алып, алғашқы шайбаны 8-минутта Григорий Денисенко соқты. Ал 15-минутта Михаил Фисенко есепті 0:2-ге жеткізді. Бұдан кейін «Барыс» белсенділікті арттырып, 16-минутта Всеволод Логвин есеп айырмасын қысқартты. Бұл — 21 жастағы жас шабуылшының астаналық клуб сапындағы үшінші голы.
Үшінші кезеңде «Барыс» есепті теңестіре алды: 43-минутта Кирилл Панюков өз мүмкіндігін тиімді пайдаланып, 2:2 есебін тіркеді. Ойынның негізгі уақыты тең нәтижемен аяқталып, қосымша уақытқа ұласты. Овертаймда жеңімпаз анықталмаған соң, бар мәселе буллиттер сериясында шешілді. Бұл сәтте «Ак Барс» табысты ойын көрсетіп, жеңісті жұлып алды.
Келесі матчта «Барыс» өз мұз айдынында Амур (Хабаровск) командасымен күш сынасады. Бұл кездесу астаналық клуб үшін маңызды сын болмақ.
Фото: hcbarys.kz