Қазақстанның «Барыс» хоккей клубы бүгін Құрлықтық хоккей лигасының матчында Ресейдің «Салават Юлаев» (Уфа) командасына қарсы алаңға шығады, деп хабарлайды malimsports.kz.
Ойын Қазақстан уақытымен 19:00-де басталып, «Qazsport» телеарнасынан тікелей эфирде көрсетіледі. Командалардың тарихтағы кездесулер саны – 65. Сол кездесулердің 23-інде жеңіс «Барыстың» еншісінде болса, қалғанында ресейлік команда жеңіске жеткен. Соңғы бес матчтың бірінде ғана қазақстандық клуб жеңілген.
Турнир кестесіне сәйкес, «Барыс» 27 ұпаймен 18-орында, ал «Салават Юлаев» 35 ұпаймен 19-орында тұр.
Фото: "Барыс" хоккей