Қазақстандық «Барыс» хоккей клубы бүгін, 27 қазанда, Құрлықтық хоккей лигасындағы (ҚХЛ) кезекті ойынын өткізеді, деп хабарлайды malimsports.kz.
Елордалық команда бұл жолы Ресейдің Нижнекамск қаласында жергілікті «Нефтехимик» клубына қарсы мұз айдынына шығады.
Кездесу Қазақстан уақытымен 21:00-де басталып, «Qazsport» телеарнасынан тікелей эфирде көрсетіледі.
Екі команда бұған дейін 42 рет өзара кездескен. Оның 23-інде «Барыс» жеңіске жетсе, қалған ойындарда басымдық «Нефтехимикке» тиесілі болған. Соңғы бес матчтың үшеуінде де қазақстандық команда қарсыласынан айласын асырған.
Қазіргі таңда турнир кестесінде «Барыс» 19 ұпаймен 15-орында, ал «Нефтехимик» 21 ұпаймен 13-сатыда келеді.
Елордалық клуб бұл кездесуден кейін сырт алаңдағы сапарын жалғастырады: 29 қазанда «Авангардпен» (Омбы) және одан кейін «Трактормен» (Челябі) ойнайды.
Фото: Барыс хоккей клубы