457.61
493.07
4.99

Подписаться на новости:

Редакция Malim: +7 707 830 77 21

© 2025 Malim.kz Қоғамдық-саяси сайт!

ҚХЛ: «Барыс» бүгін Ресейде «Металлургпен» ойнайды

Қазақстандық «Барыс» хоккей клубы бүгін, 18 қыркүйекте, Құрлықтық хоккей лигасындағы кезекті кездесуін Ресейдің «Металлург» (Магнитогорск) командасына қарсы өткізеді, деп хабарлайды malimsports.kz.

Матч елорда уақытымен 19:00-де басталады. Бұған дейін қос ұжым 73 рет жолығып, соның 24-інде «Барыс» жеңіске жеткен. Соңғы бес кездесудің үшеуінде қазақстандық клуб қарсыласына есе жіберген болатын.

«Барыстың» алдағы ойынға қатысатын құрамы:

Қақпашылар: Джохар Дударкиев, Артём Шестаков, Андрей Шутов.

Қорғаушылар: Әділ Бекетаев, Дмитрий Бреус, Самат Данияр, Артём Королёв, Иэн Маккошен, Джейк Масси, Кирилл Никитин, Бейбарыс Оразов, Райли Уолш.

Шабуылшылар: Әлихан Әсетов, Майкл Веккьоне, Владимир Волков, Эмиль Галимов, Дінмұхамед Қайыржан, Вячеслав Колесников, Мэйсон Морелли, Батырлан Мұратов, Максим Мұхаметов, Иван Николишин, Әлихан Өмірбеков, Руслан Оспанов, Кирилл Савицкий, Семён Симонов, Аңсар Шайхмедденов.

Жарақатына байланысты Никита Бояркин, Тамирлан Гайтамиров, Роман Старченко және Тайс Томпсон бүгінгі матчқа қатыса алмайды.

Еске сала кетейік, «Барыс» соңғы уақытта елордада өткен матчтарда сәтті өнер көрсетіп, Ресейдің «Тракторын» (4:3, овертайм), «Амурды» (4:3, буллит), «Динамо Мәскеуді» (5:2) жеңген еді. Дегенмен, Беларусьтің «Динамосына» (1:3) жол берді.

 

Фото: «Барыс» хоккей клубы