ҚХЛ: «Барыс» бүгін Ресейде «Ак Барспен» ойнайды
Қазақстандық «Барыс» хоккей клубы бүгін, 7 қазанда, Құрлықтық хоккей лигасы (ҚХЛ) аясындағы кезекті ойынын Ресейде, Қазан қаласында жергілікті «Ак Барс» командасына қарсы өткізеді.
Кездесу Қазақстан уақытымен 21:00-де басталып, оны «Qazsport» телеарнасынан тікелей эфирде көруге болады.
Бұған дейін қос команда 56 рет өзара кездескен. Оның ішінде 10 матчта «Барыс» жеңіске жетсе, қалған ойындарда қазандықтар басым түскен. Соңғы бес кездесу де «Ак Барстың» пайдасына аяқталған.
Ағымдағы маусымда «Барыс» 10 ойынның үшеуінде ғана жеңіс тойын тойлап, қалғанында жеңіліске ұшырады. Ал «Ак Барс» төрт кездесуде қарсыластарынан басым түскен.
Қазіргі уақытта турнир кестесінде «Барыс» 12 ұпаймен 17-орында, ал «Ак Барс» 13 ұпаймен 11-сатыда тұр.
Астаналық клуб осы сапарында тағы бір ойын өткізеді — 9 қазанда Челябіде жергілікті «Трактормен» шеберлік байқасады.
Айта кетейік, бұған дейін «Барыс» овертаймда «Сибирь» командасынан 0:1 есебімен жеңіліп қалған болатын.
Фото: ©ХК "Барыс"
"Барлығына ұнау мүмкін емес": Шерхан Қалмұрза "сыншылар" туралы пікір білдірді
Ең көп оқылған