ҚХЛ: «Барыс» бүгін маусымдағы соңғы матчын өткізеді
Елорданың «Барыс» командасы сырт алаңда «Сібір» клубымен кездеседі, деп хабарлайды malimsports.kz.
Ойын Новосібір қаласында өтеді. Кездесу Қазақстан уақытымен 17:30-ға жоспарланған.
«Барыс» командасы бүгінге дейін 67 ойында 53 ұпай жинап, Шығыс конференциясында тоғызыншы орынға тұрақтады. Ал соңғы орын «Адмиралға» тиесілі, 67 ойында 52 ұпай жинаған.
«Сібір» командасы 67 ойында 67 ұпай жинап, Шығыс конференциясында сегізінші орынға шықты. Новосібір клубы плей-оффқа жолдама алса, «Барыс» осы маусымда жарысты жалғастыру мүмкіндігінен айырылды.
Фото: "Барыс" ХК
Конференция лигасы: ширек финалға шыққан командалар анықталды
Ең көп оқылған