Құрлықтық хоккей лигасы 2025 жылдың желтоқсан айының қорытындысы бойынша айдың символикалық құрамаларын таныстырды, деп хабарлайды malimsports.kz.
Жұлдыздар құрамасына қақпашы Дмитрий Гамзин (ЦСКА), қорғаушылар Даниил Пыленков («Динамо» Мәскеу) пен Дамир Шарипзянов («Авангард»), сондай-ақ шабуылшылар Никита Гусев («Динамо» Мәскеу), Кирилл Семёнов («Ақ Барс») және Рид Буше («Автомобилист») енді.
Ал жас ойыншылар құрамында қақпашы Никита Новосёлов («Автомобилист»), қорғаушылар Иван Патрихаев (ЦСКА) пен Максим Белоусов («Лада»), шабуылшылар Матвей Поляков (СКА), Игорь Нечаев («Металлург») және Александр Жаровский («Салават Юлаев») бар.
Фото: ҚХЛ