Ұлттық хоккей лигасының (ҰХЛ) Орталық скауттық бюросы аралық рейтингін жариялады. Қазақстаннан бірден үш ойыншы осы тізімге енген, деп хабарлайды malimsports.kz.
Семён Симонов («Барыс», Нұр-Сұлтан) – еуропалық хоккейшілер арасындағы рейтингте 128 ойыншының ішінде 81-орынды иеленді.
Корней Корнеев («Викториявилл Тайгерз», Канада, QMJHL) – Солтүстік Америка рейтингінде 174-орында.
Әлішер Сәркенов («Принс-Альберт Рейдерз», WHL) – 175-орынға орналасты.
Екі хоккейші де IA әлем чемпионаты кезінде жастар құрамасының сапында өнер көрсеткен.
Корней Корнеев турнирдің ең нәтижелі шабуылшысы атанып, 12 ұпай (6+6) жинаған.
Әлішер Сәркенов ең көп шайба соққан үш ойыншының қатарына кіріп, 9 ұпай (3+6) еншілеген.
ҰХЛ Орталық скауттық бюросының соңғы рейтингі 2026 жылғы сәуірде жарияланады. Ал ҰХЛ драфты 26–27 маусымда өтеді.
Фото: Хоккей федерациясы