Владивостоктық «Адмирал» ҚХЛ тұрақты чемпионаты аясында Хабаровск қаласының «Амур» командасын 3:2 есебімен жеңді, деп хабарлайды malimsports.kz.
«Адмирал» сапында Кайл Олсон дубль жасап, Егор Петухов бір гол соқты. Қазақстандық шабуылшы Аркадий Шестаков нәтижелі паспен көзге түсті. «Амур» командасында Ярослав Лихачёв пен Кирилл Слепец мергендік көрсетті.
Бұл жеңіс Владивосток командасына төрт ойында алғашқы жеңісін әкелді. 39 ойыннан кейін «Адмирал» Шығыс конференциясында соңғы орында тұр. Осы маусымда 30 жастағы Шестаков 10 ұпай жинаған (4 гол + 6 пас).
Фото: Аркадий Шестаковтың жеке парақшасынан