Мәзір
Хоккей

Қазақстандық хоккейші қыздардың ӘЧ-дегі матч кестесі белгілі болды

Сабина Асқарқызы 123 қаралым
Қазақстандық хоккейші қыздардың ӘЧ-дегі матч кестесі белгілі болды

2026 жылдың 19-24 қаңтары аралығында Стамбулда (Түркия) әйелдер арасында U18 санаты бойынша IIA дивизионындағы әлем чемпионаты өтеді, деп хабарлайды malimsports.kz. 

Қазақстан құрамасы бірінші дивизионның В тобына жолдама алу үшін бақ сынайды. Бір жыл бұрын Мария Федоренко шәкірттері бұл турнирде күміс жүлдеге ие болған еді.

Қазақстан құрамасының ойын кестесі:

(Астана уақытымен)

19 қаңтар 2026 жыл, 18:30:
Қазақстан – Жаңа Зеландия

20 қаңтар 2026 жыл, 15:00:
Қазақстан – Латвия

22 қаңтар 2026 жыл, 22:00:
Қазақстан – Түркия

23 қаңтар 2026 жыл, 18:30:
Қазақстан – Нидерланд

25 қаңтар 2026 жыл, 18:30:
Қазақстан – Оңтүстік Корея. 

Фото: ҰОК

Мақаланы бөлісу
Осы тақырыпта

Ұқсас жаңалықтар