457.61
493.07
4.99

Подписаться на новости:

Редакция Malim: +7 707 830 77 21

© 2025 Malim.kz Қоғамдық-саяси сайт!

Қазақстандық хоккейші Канаданың жасөспірімдер лигасында өнер көрсетеді

Қазақстандық жас хоккейші Мирас Серікболатов мансабын Канадада жалғастырады. 19 жастағы қорғаушы Wasaga River Dragons клубының ойыншысы атанды, деп хабарлайды malimsports.kz.

Жаңа команда Канаданың тәуелсіз жасөспірімдер хоккей лигасында өнер көрсетеді.

Теміртау хоккей мектебінің түлегі өткен маусымды «Құлагердің» жастар құрамында бастап, Қазақстан жастар хоккей лигасының тұрақты чемпионатында 18 матчқа қатысып, 10 ұпай (5 гол, 5 нәтижелі пас) жинады.

Кейін ол «Сұңқар» сапына ауысып, тұрақты маусымдағы 30 кездесуде 25 ұпайға (9 гол, 16 нәтижелі пас) қол жеткізді. Плей-офф кезеңінде үш ойын өткізіп, бір нәтижелі пас авторы атанды.

Айта кетейік, бұған дейін тағы бір қазақстандық хоккейші Кирилл Юдиннің де Канаданың тәуелсіз жасөспірімдер хоккей лигасына ауысқаны белгілі болған еді.

 

Фото: instagram/miras_31.05_og