WHL тұрақты чемпионаты аясындағы матчта «Принс-Альберт Рейдерз» командасы «Свифт Керрент Бронксты» 7:1 есебімен жеңді, деп хабарлайды malimsports.kz.
Қазақстандық шабуылшы Әлішер Сәркенов осы ойында 2 ұпайға (1 гол + 1 нәтижелі пас) қол жеткізді. Қазіргі маусымда 18 жастағы хоккейші 16 матч өткізіп, жалпы 18 ұпай (8 гол + 10 пас) жинады.
Фото: Қазақстан хоккей федерациясы