Қазақстанда танымал хоккей клубының басшысы қамауға алынды
Петропавл қаласының полицейлері «Құлагер» хоккей клубының басшысы Сергей Фильді ұстады, деп хабарлайды malimsports.kz.
El.kz интернет порталының жазуынша, Солтүстік Қазақстан облысы Полиция департаментінің баспасөз қызметі 45 жастағы спорт функционері Қарағанды қаласында ұсталғанын мәлімдеген.
Астананың 45 жастағы тұрғыны екі және одан да көп адамға қатысты алаяқтық жасады деген күдікпен ұсталды. Ол уақытша ұстау изоляторына қамалды. Қылмыстық іс бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп жатыр, - делінген 2025 жылғы 6 қазанда таратылған ресми хабарламада.
Бұған дейін Сергей Фильмен 24 қыркүйектен бастап байланыс үзілгені хабарланған болатын. Кейін оны іздеу жұмыстарына полицейлер кіріскен. Себебі Ресейден келген бірнеше спортшы (легионерлер) оған қарсы шағым түсірген. Олардың айтуынша, Филь Қазақстан азаматтығын рәсімдеуге көмектесемін деп ақша алған, бірақ уәдесін орындамаған.
Фото: ІІМ баспасөз қызметі
"Барлығына ұнау мүмкін емес": Шерхан Қалмұрза "сыншылар" туралы пікір білдірді
Ең көп оқылған