Мәзір
Хоккей

Қазақстан хоккейшілері жастар арасындағы әлем чемпионатында алғашқы кездесуін өткізді

Сабина Асқарқызы 137 қаралым
Қазақстан хоккейшілері жастар арасындағы әлем чемпионатында алғашқы кездесуін өткізді

Шайбалы хоккейден Словенияда өтіп жатқан жастар арасындағы әлем чемпионатының IA дивизионында Қазақстан құрамасы алғашқы кездесуін өткізді, деп хабарлайды malimsports.kz. 

Ойынның есебін Корней Корнеев ашты. Екінші кезеңде есеп өзгерген жоқ. Қарсылас команда үшінші кезеңнің басында таразы басын теңестіріп, овертаймда жеңіс шайбасын соқты. Қорытынды есеп - 1:2, Қазақстан құрамасы Украинаға есе жіберді.

Енді отандастарымыз 8 желтоқсанда Словениямен кездеседі.

Фото: ҰОК

Мақаланы бөлісу
Осы тақырыпта

Ұқсас жаңалықтар