Қазақстан хоккейшілері әлем чемпионатының элиталық кезеңіне өте алмады
Халықаралық хоккей федерациясы (IIHF) ұйымдастырған жастар арасындағы әлем чемпионатының бірінші дивизионы, А тобында өнер көрсеткен Қазақстанның 20 жасқа дейінгі жастар құрамасы элиталық дивизионға жолдама ала алмады.
7-13 желтоқсан аралығында Словенияның Блед қаласында өткен турнирде қазақстандық хоккейшілер элиталық дивизионға берілетін жалғыз жолдама үшін Украина, Франция, Норвегия, Аустрия және Словения құрамаларымен бақ сынады.
13 желтоқсанда ұлттық құрама Аустриямен кездесіп, тартысты ойында 5:4 есебімен жеңіске жетті. Сонымен қатар Қазақстан құрамасы Словенияны 5:4, Францияны 14:6 есебімен жеңсе, Украинаға 1:2, Норвегияға 2:10 есебімен жол берді.
Нәтижесінде қазақстандық хоккейшілер турнирді 9 ұпаймен екінші орында аяқтады. Алайда бұл көрсеткіш элиталық дивизионға өтуге жеткіліксіз болды. Топта 12 ұпай жинаған Норвегия келесі маусымда үздіктер қатарында өнер көрсететін болды.
Қазақстан құрамасының құрамы:
Қақпашылар:
Тәңірхан Алпысбаев («Wind City / Tri City Storm», AAA),
Дәулет Қуат, Дмитрий Ряшин (екеуі де – «Снежные Барсы»);
Қорғаушылар:
Дамир Бритиков, Нурислам Зияш, Санжар Ибрагим, Мстислав Шипилин (барлығы – «Снежные Барсы»),
Мәжит Имашев («Elite Hockey Academy»),
Александр Макаров, Руслан Түсіпбеков, Игнат Шевченко (барлығы – «Номад»),
Дмитрий Рязанов («Горняк»);
Шабуылшылар:
Абзал Әлібек («Philadelphia Rebels», NAHL),
Виталий Божко, Тимофей Симонов (екеуі де – «Сарыарқа»),
Роман Двуреченский, Кәрім Қажыбеков, Александр Перкин, Александр Симахин (барлығы – «Снежные Барсы»),
Корней Корнеев («Victoriaville Tigres», QMJHL),
Тимур Миндубаев («Номад»),
Әлішер Саркенов («Prince Albert Raiders», WHL),
Асанәлі Саркенов («Spokane Chiefs», WHL),
Матвей Умеренков («Ладья», МХЛ),
Семен Черкасов («Красноярские Рыси», МХЛ).
Фото: Қазақстан хоккей федерациясы
Станимир Стоилов: Қазақ футболының мәселесі тек ұлттық құрамада емес
Ең көп оқылған