Қазақстан хоккейінің аңызы Роман Старченко мансабын аяқтады
Қазақстан хоккейінің көрнекті өкілдерінің бірі, шабуылшы Роман Старченко кәсіби мансабын аяқтау туралы шешім қабылдады, деп хабарлайды malimsports.kz.
Старченко мансабының басым бөлігін елордалық «Барыс» клубында өткізді. Ол астаналық команда сапында 17 маусым ойнап, Континенттік хоккей лигасы тарихында бір клубтың жейдесінде ең көп матч өткізген ойыншы атанды. Оның еншісінде «Барыс» сапындағы 819 ойын бар.
Жалпы ҚХЛ-да Роман Старченко 871 матч өткізіп, 215 шайба соғып, 209 нәтижелі пас берді. Осы уақыт ішінде ол клубтың көшбасшыларының біріне айналып, Қазақстан хоккейінің дамуына елеулі үлес қосты.
Өткен маусымда тәжірибелі шабуылшы «Номад» клубының намысын қорғап, командамен бірге Pro Hokei Ligasy чемпионы атанды.
Қазақстан ұлттық құрамасының сапында Старченко әлем чемпионаттарына 18 рет қатысып, оның 10-ында элиталық дивизионда өнер көрсетті. Сонымен қатар ол Азия ойындарының екі дүркін чемпионы және Азия чемпионы атанып, ұлттық құраманың тарихи жетістіктеріне зор үлес қосты.
Фото: "Барыс" ХК
"Мбаппеге үлкен соққы": Моуринью "Реал Мадридтің" танымал ойыншысын сатуға ниетті
Ең көп оқылған