1957 жылдың 12 қаңтарында Алматыда алғашқы ресми хоккей матчы өтіп, шайбалы хоккейден ҚазКСР чемпионаты басталды. Осылайша, 2026 жылы қазақстандық хоккей 69 жылдығын атап өтуде, деп хабарлайды malimsports.kz.
Тәуелсіз Қазақстан чемпионаты 1992 жылдан бері өткізіліп келеді. Сол жылы Қазақстан хоккей федерациясы Халықаралық хоккей федерациясының (IIHF) мүшесі атанып, ұлттық құрамалар әлем чемпионаттарына қатыса бастады. 1998 жылы Қазақстан құрамасы Наганода өткен Олимпиада ойындарында ширек финалға дейін жетті.
Қазіргі таңда елде Pro Ligasy-де 10 команда, Jas жастар лигасында 13 команда, Qyz қыздар лигасында 6 команда өнер көрсетеді. Қазақстанда 9 мыңға жуық бала хоккеймен айналысады, 49 хоккей мектебі мен 49 мұз айдыны жұмыс істейді.
Қазақстандық хоккей дамуын жалғастырып, бұқаралық спортты кеңінен дамытуға бағытталған бағдарламалар жүзеге асырылуда.
Фото: Шайбалы хоккей федерациясы