Қазақстан U20 құрамасы драмалы матчта Словенияны тізе бүктірді
Жасөспірімдер арасындағы хоккейден әлем чемпионатының IA дивизионында Қазақстан құрамасы өздерінің екінші матчын Словения командасына қарсы өткізді, деп хабарлайды malimsports.kz.
Ойын барысында қазақстандық хоккейшілерге қарсыласты үнемі қуып жетуге тура келді. Бірде бір шайба, бірде екі шайба айырмасы сақталып отырды.
Үшінші кезеңде Қазақстан құрамасы есепті теңестіріп, матч 4:4 есебімен аяқталды. Кездесудің тағдырын буллиттер сериясы шешті. Шешуші соққыны дәл орындаған Алишер Саркенов Қазақстанға жеңіс сыйлады.
Осылайша, Қазақстан құрамасы Словенияда өтіп жатқан әлем чемпионатында алғашқы жеңісіне қол жеткізді.
Ал 10 желтоқсанда Антон Васиннің шәкірттері Франция құрамасына қарсы матч өткізеді.
Фото: ҰОК
Чемпиондар лигасының плей-офф кезеңіне шыққан алғашқы бес команда анықталды
Ең көп оқылған