Қазақстан құрамасы хоккейден әлем чемпионатында екінші жеңісіне қол жеткізді
Шайбалы хоккейден Қазақстан әйелдер құрамасы Стамбулда (Түркия) өтіп жатқан IIA дивизионының жасөспірімдер арасындағы әлем чемпионатында екінші кездесуін өткізді, деп хабарлайды malimsports.kz.
Ұлттық құрама Латвия командасына қарсы ойнады. Қарсылас команда алғаш болып есеп ашқанымен, көп ұзамай қазақстандық хоккейшілер таразы басын теңестіріп қана қоймай, жауапсыз сегіз шайба соқты.
София Муравьева хет-трик жасаса, София Зубкова мен Рената Лившиц дубль авторы атанды. Ал Василиса Шуклина мен Анфиса Новикова бір-бір голдан соқты.
Осылайша Қазақстан құрамасы 9:1 есебімен сенімді түрде жеңіске жетті. Айта кетейік, бұған дейін қазақстандықтар Жаңа Зеландия командасын да жеңген болатын.
Фото: Федерацияның баспасөз қызметі
Станимир Стоилов: Қазақ футболының мәселесі тек ұлттық құрамада емес
Ең көп оқылған