Мәзір
Хоккей

Қазақстан құрамасы шайбалы хоккейден әлем чемпионатында 14 шайба соқты

Сабина Асқарқызы 168 қаралым
Қазақстан құрамасы шайбалы хоккейден әлем чемпионатында 14 шайба соқты

Словенияда өтіп жатқан жастар арасындағы IA дивизионының әлем чемпионатында Қазақстан құрамасы Францияны 14:6 есебімен жеңіске жетті, деп хабарлайды malimsports.kz.

Матчтың алғашқы кезеңінде Қазақстан 0:2 есебімен жеңіліп жатқан еді. Екінші кезеңде отандастарымыз төрт шайба соқса, француздар тек бір шайбамен жауап берді. Үшінші кезеңде Қазақстан құрамасы тоғыз, қарсылас – үш шайба соқты. Қорытынды есеп – 14:6.

Айта кетейік, турнир басталғанда Қазақстан командасы Украинадан овертаймда 1:2 есебімен жеңіліп, Словенияны буллит бойынша 5:4 жеңген еді.

Бүгін Қазақстан құрамасы Норвегиямен кездеседі, ал 13 желтоқсанда соңғы матч Аустрияға қарсы өтеді. Қазіргі уақытта Қазақстан құрамасы 6 ұпай жинап, екінші орында тұр. Бірінші орында – Норвегия (8 ұпай). IA дивизионынан элитаға тек бір команда ғана көтеріледі.

 

 

Фото: Қазақстан хоккей федерациясы

Мақаланы бөлісу
Осы тақырыпта

Ұқсас жаңалықтар