457.61
493.07
4.99

Подписаться на новости:

Редакция Malim: +7 707 830 77 21

© 2025 Malim.kz Қоғамдық-саяси сайт!

Өзбекстан шайбалы хоккейден әлем чемпионатында топ жарды

Өзбекстан U-18 құрамасы III дивизионның A тобында шайбалы хоккейден әлем чемпионы атанды, деп хабарлайды malimsports.kz.

Команда турнирді сенімді түрде өткізді де, бірінші орынға ие болды. Бұл жеңіс оларға келесі жылы деңгейін көтеруге мүмкіндік береді: 2027 жылы Өзбекстан құрамасы II дивизионның B тобына қатысып, әлем чемпионатының бесінші ең күшті деңгейінде өнер көрсетеді.

Сонымен қатар 2026 жылы Өзбекстан ұлттық құрамасы III дивизионның B тобындағы әлем чемпионатына қатысады. Турнир 13-19 сәуір күндері Гонконг қаласында өтеді.

Турнирде Өзбекстан құрамасының қарсыластары ретінде Гонконг, Филиппин, Моңғолия, Солтүстік Корея және Люксембург командалары өнер көрсетеді.

 

 

Фото: Өзбекстан хоккей федерациясы