457.61
493.07
4.99

Подписаться на новости:

Редакция Malim: +7 707 830 77 21

© 2025 Malim.kz Қоғамдық-саяси сайт!

Олимпиадада хоккейден ширек финалда ойнайтын құрамалар анықталды

Іріктеу кезеңінің соңғы матчында Швеция құрамасы Латвия командасын 5:1 есебімен жеңді.

Милан мен Кортина-д'Ампеццода өтіп жатқан Қысқы Олимпиада ойындарында хоккейден ерлер арасындағы турнирдің ширек финалындағы барлық жұптар анықталды, деп хабарлайды malimsports.kz.

Іріктеу кезеңінің соңғы матчында Швеция құрамасы Латвия командасын 5:1 есебімен жеңді.

Швеция сапында Адриан Кемпе (11-минут), Габриэль Ландеског (12), Филип Форсберг (28), Мика Зибанежад (46) және Вильям Нюландер (54) шайба соқты. Латвия құрамасынан Эдуард Тралмакс (31) көзге түсті.

Осы ойыннан кейін ширек финалдың келесі жұптары белгілі болды:

Швеция  - АҚШ;

Чехия - Канада;

Швейцария - Финляндия;

Германия - Словакия.

Ширек финал кездесулері 18 ақпанда өтеді. Жартылай финал матчтары 20 ақпанға жоспарланған. Қола жүлде үшін ойын 21 ақпанда, ал финал 22 ақпанда өтеді.

Жартылай финалда қайта жұптастыру жүйесі қолданылады: рейтингі ең жоғары команда ең төменгі рейтингке ие құрамамен кездеседі. Қазіргі рейтингте Канада көш бастап тұр. Одан кейін АҚШ, Словакия, Финляндия, Швейцария, Германия, Швеция және Чехия құрамалары орналасқан.

Фото: Getty Images