457.61
493.07
4.99

Подписаться на новости:

Редакция Malim: +7 707 830 77 21

© 2025 Malim.kz Қоғамдық-саяси сайт!

Михаил Кравец: Ойынның соңы сәл жүйкеге тиді, бірақ жалпы команданың ойынына ризамын

Алғашқы екі кезеңде өте жақсы ойнадық

«Барыс» хоккей клубының бас бапкері Михаил Кравец ҚХЛ тұрақты чемпионаты аясында Владивостоктың «Адмиралына» қарсы өткен матчтан кейін пікір білдірді.

Оның айтуынша, кездесудің соңғы бөлігі жүйкеге салмақ түсіргенімен, жалпы команданың ойыны көңілінен шыққан.

Айта кетейік, матч сәрсенбі күні Владивостокта өтіп, «Барыстың» 4:1 есебімен жеңісімен аяқталды. Осы нәтижемен қазақстандық ұжым алты матчқа созылған жеңілістер сериясын тоқтатты.

Кравец алғашқы екі кезеңде команданың ойын тапсырмасын жақсы орындағанын атап өтті.

«Алғашқы екі кезеңде өте жақсы ойнадық. Барлығы бірге пайдалы жұмыс істеді, көп мүмкіндік жасадық, одан да көп гол соғуға болатын еді. Екінші кезеңде қарқынымызды арттырып, қарсылас қақпасынан саңылау таптық. Үшінші кезеңде сәл шегініс жасауға тура келді. «Адмирал» қысым жасап, бізді қыса түсті. Бірақ қарсы шабуылдарда мүмкіндіктерді пайдаланып, гол соға алдық. Жүйке талшықтарын сынайтын ойын болды. Кейбір жігіттер үшін бұл хоккейдегі алғашқы маусым, әлі үйреніп жатыр. Соңында орталық арқылы пас беруге болмайды, әрине. Жалпы алғанда ризамын. Тек қақпашыға «нөлге» ойнауға көмектесе алмадық, – деді Кравец «Матч ТВ» тілшісіне.

Қазіргі таңда «Барыс» 42 ұпаймен Шығыс конференциясында 10-орында, ал «Адмирал» 37 ұпаймен 11-сатыда келеді.

Фото: «Барыс» хоккей клубының баспасөз қызметі