457.61
493.07
4.99

Подписаться на новости:

Редакция Malim: +7 707 830 77 21

© 2025 Malim.kz Қоғамдық-саяси сайт!

Канадалық қорғаушы Тайлер Уотерспун ауыр жарақатына байланысты «Барыстан» кетті

Канадалық хоккейші, қорғаушы Тайлер Уотерспун ауыр жарақатына байланысты елордалық «Барыс» клубымен қош айтысты. Бұл туралы 

 Nur.kz-ке сілтеме жасап malimsports.kz хабарлады.

Мәліметке сәйкес, тараптар келісімшартты өзара келісіммен бұзған. Уотерспун 31 қазанда алған тізе жарақатынан кейін ұзақ уақыт оңалтудан өтуі тиіс. Бұған дейін қараша айында «Барыстың» бас бапкері Михаил Кравец хоккейшінің маусым соңына дейін мұз айдынына қайта оралмауы мүмкін екенін айтқан болатын.

«Клуб Тайлерге атқарған еңбегі үшін алғыс білдіреді және оның алдағы мансабына сәттілік тілейді!», - деп жазылған астаналық клубтың мәлімдемесінде.

Сондай-ақ «Барыс» клубының баспасөз қызметі Уотерспунға бас директор Сәкен Мұсайбековтің естелік сыйлық табыстаған сәті түсірілген бейнежазбаны жариялады.

«Өкінішті жағдай. Біз сенің көмегіңе шынымен үміт артқан едік. Бұл жағдайға қынжыламын, бірақ ойын - ойын. Саған, отбасыңа және балаларыңа тек жақсылық тілейміз. Мүмкін, отадан кейін бізге қайта ораларсың?», - деді Мұсайбеков.

Уотерспун бұл ұсынысқа қуана келісетінін айтып, «Барыс» сапында өнер көрсету мүмкіндігін жоғары бағалайтынын жеткізді.

«Маған қала да, мұндағы адамдар да ұнады. Барлығына өте ризамын», - деді канадалық хоккейші.

Айта кетейік, 32 жастағы Тайлер Уотерспун «Барыс» клубына осы маусым қарсаңында келіп, бір жылдық келісімшартқа қол қойған еді. Ол ҚХЛ-дың тұрақты чемпионатында тоғыз матчқа қатысып, нәтижелі әрекеттермен көзге түспегенімен, +4 пайдалық көрсеткішін тіркеді. «Барыс» Уотерспун үшін Солтүстік Америкадан тыс жердегі алғашқы клуб болды.

Фото: "Барыс" ХК