457.61
493.07
4.99

Подписаться на новости:

Редакция Malim: +7 707 830 77 21

© 2025 Malim.kz Қоғамдық-саяси сайт!

Канада хоккейшілері Олимпиаданың жартылай финалына шықты

19 жастағы канадалық шабуылшы Маклин Селебрини матчтағы есепті ашты.

Хоккейден Канада ұлттық құрамасы Олимпиаданың ерлер арасындағы хоккей турнирінің ширек финалында Чехия командасын овертаймда 4:3 есебімен жеңді, деп хабарлайды malimsports.kz.

Канада сапында шайбаларды Маклин Селебрини (4-минут), Натан Маккиннон (33), Ник Судзуки (57) және Митчелл Марнер (62 - овертайм) соқты.

Чехия құрамасынан Лукаш Седлак (9), Давид Пастрняк (15) және Ондржей Палат (53) мергендік танытқан еді. 

19 жастағы канадалық шабуылшы Маклин Селебрини матчтағы есепті ашып, Олимпиада ойындарында ҰХЛ ойыншылары қатысқан турнирлерде 20 жасқа дейінгі хоккейшілер арасындағы нәтижелілік рекордын жаңартты. Қазір оның еншісінде төрт ойында 7 ұпай (5 гол + 2 пас) бар. Бұған дейінгі көрсеткіш Евгений Малкинге тиесілі еді — ол 2006 жылғы Турин Олимпиадасында 6 ұпай (2+4) жинаған.

Тағы бір канадалық шабуылшы Коннор Макдэвид екі нәтижелі пас беріп, турнирдегі 11-ұпайына (2+9) қол жеткізді. Ол Теэму Селянне мен Саку Койвудің бір Олимпиададағы нәтижелілік рекордын (екеуі де 2006 жылы 11 ұпайдан) қайталады.

Екінші кезеңде чех қорғаушысы Радко Гудаспен соқтығысқаннан кейін Канада құрамасының капитаны Сидни Кросби жарақат алды. Ол мұз айдынын ақсаңдап тастап, ойынға қайта оралмады. Олимпиаданың баспасөз қызметі Кросбидің «денесінің төменгі бөлігі» жарақаттанғанын хабарлады.

Жартылай финал матчтары 20 ақпанда өтеді. Қола жүлде үшін ойын 21 ақпанда, ал финал 22 ақпанда жоспарланған.

Фото: Getty Images