Канада хоккейден әлем чемпионатында Норвегия құрамасынан жеңіліп қалды
Канада құрамасы хоккейден әлем чемпионатының қола жүлдесі үшін өткен матчта Норвегиядан күтпеген жерден жеңіліп қалды, деп хабарлайды malimsports.kz.
Хоккейден Норвегия ұлттық құрамасы өз тарихында тұңғыш рет әлем чемпионатының медалін жеңіп алды. Олар Швейцарияда өтіп жатқан турнирдің қола жүлде үшін матчында Канада құрамасын жеңді.
Цюрих қаласында өткен кездесудің негізгі уақыты 2:2 есебімен тең аяқталды. Норвегиялықтар Матиас Эмилио Петтерсеннің (7-минут) және Стиан Сольбергтің (33-минут) голдарының арқасында 2:0 есебімен алға шыққан болатын.
Канада құрамасы сапынан Роберт Томас 59-минутта есеп айырмасын қысқартты, ал матч аяқталуға сегіз секунд қалғанда есепті теңестірді.
Овертаймның төртінші минутында Ноа Стин жеңіс голын соғып, Норвегияға тарихи жеңіс сыйлады.
Норвегиялықтар Канада құрамасын тарихта небәрі үшінші рет жеңіп отыр. Бұған дейін олар мұны 2000 және 2023 жылдары жүзеге асырған.
Канада құрамасының капитаны 19 жастағы Маклин Селебрини болды, ал оның көмекшілерінің бірі - Сидни Кросби. Канадалықтар қатарынан үшінші рет жүлдегерлер қатарына кіре алмады. Өткен жылы олар бесінші орын алса, 2024 жылы төртінші орынмен шектелген еді.
Алтын медаль үшін финалда Швейцария мен Финляндия құрамалары кездеседі.
Фото: Global Look Press
Ең көп оқылған