Мәзір
Хоккей

IIHF рейтингінде Қазақстан әйелдер құрамасының орны белгілі болды

Сабина Асқарқызы 59 қаралым
IIHF рейтингінде Қазақстан әйелдер құрамасының орны белгілі болды

Халықаралық хоккей федерациясы (IIHF) 2025-2026 жылғы маусым қорытындысы бойынша әйелдер құрамаларының жаңартылған рейтингін жариялады. Қазақстан құрамасы бұл тізімде 22-орынға тұрақтады, деп хабарлайды malimsports.kz.

Отандастарымыздың алдында 21-сатыда Латвия құрамасы орналасса, Словения құрамасы екі орынға төмендеп, 23-орынға жайғасты.

Әлемдік рейтингтің үздік үштігін АҚШ, Канада және Чехия құрамалары бастап тұр.

Еске салайық, биыл сәуір айында Қазақстан әйелдер құрамасы әлем чемпионатының IB дивизионында қола жүлдегер атанған болатын.

Әлем біріншілігінде қазақстандық хоккейшілер Латвиядан буллит сериясында 2:3 есебімен жеңіліп, Нидерландқа 0:3 және Ұлыбританияға 1:3 есебімен жол берді. Ал Испанияны 3:2, Оңтүстік Кореяны 4:3 есебімен жеңіп шықты.

 

Фото: ҚХФ

Мақаланы бөлісу
Осы тақырыпта

Ұқсас жаңалықтар