457.61
493.07
4.99

Подписаться на новости:

Редакция Malim: +7 707 830 77 21

© 2025 Malim.kz Қоғамдық-саяси сайт!

Бұрынғы ҚХЛ рекордшысы Алексей Мурыгин 39 жасында өмірден өтті

Соңғы рет биыл мамыр айында ауруханаға жатқызылған.

Бұрынғы Құрлықтық хоккей лигасының (ҚХЛ) рекордшысы, ресейлік қақпашы Алексей Мурыгин 39 жасында қайтыс болды. Бұл туралы оның бұрынғы клубы – Хабаровскінің «Амур» командасының баспасөз қызметі хабарлады, деп жазады malimsports.kz

Белгілі болғандай, хоккейші 2019 жылы онкологиялық дертке шалдыққан. Ем қабылдап, ауруды жеңгеннен кейін кәсіби мансабын қайта жалғастырғанымен, кейін сырқаты бірнеше рет асқынған. Соңғы рет биыл мамыр айында ауруханаға жатқызылған. Ал 31 шілдеде оның жүрегі тоқтады.

«Спорттық жетістіктерінен де маңыздысы - Алексейдің әріптестері мен жанкүйерлері арасында жоғары құрметке ие болуы еді. Ол нағыз кәсіби маман, мейірімді әрі әрдайым көмекке дайын жан болатын. Соңғы жылдары ауыр дертпен қайсарлықпен күресті. Өкінішке қарай, ауру жеңіп кетті», – деп жазылған «Амур» клубының мәлімдемесінде.

Алексей Мурыгин Хабаровск қаласында дүниеге келген. Ол хоккейдегі алғашқы қадамын туған қаласының «Амур» клубында бастап, аталған команда сапында 168 матч өткізді. Сонымен қатар, мансабында Магнитогорскінің «Металлург», Ярославльдің «Локомотив», Омбының «Авангард», Нижний Новгородтың «Торпедо», Нижнекамскінің «Нефтехимик» және Қытайдың «Куньлунь Ред Стар» клубтарында өнер көрсетті.

Мурыгин 2015 жылдың қазан айында ҚХЛ тарихындағы ең ұзақ «құрғақ серия» рекордын орнатқан болатын. Ярославльдің «Локомотив» клубында ойнаған кезінде ол 302 минут 11 секунд бойы бірде-бір шайба жібермеді. Бұл рекордты 2019 жылы ресейлік қақпашы Тимур Билялов жаңартқан.

Фото: Ашық дереккөзден