Құрлықтық хоккей лигасында (ҚХЛ) өнер көрсететін елордалық «Барыс» бүгін сырт айдында Мәскеудің «Динамо» командасымен шеберлік байқасады, деп хабарлайды malimsports.kz.
Кездесу Қазақстан уақыты бойынша 21:30-де басталады. Ойынды Qazsport телеарнасы тікелей эфирде көрсетеді.
Екі ұжым биылғы маусымда бір мәрте кездесіп, «Барыстың» жеңісімен аяқталған. Қыркүйекте Астанада өткен кездесуде астаналық команда 5:2 есебімен жеңіске жеткен.
Қазіргі таңда «Динамо» Батыс конференциясында 4-орында, 35 ойында 48 ұпай жинаған. Ал «Барыс» 36 матчта 32 ұпайға ие болып, Шығыс конференциясында 8-орынға жайғасқан.
Фото: "Барыс" ХК