Мәзір
Хоккей

Бүгін «Барыс» өз айдынында «Нефтехимикпен» ойнайды

Сабина Асқарқызы 58 қаралым
Бүгін «Барыс» өз айдынында «Нефтехимикпен» ойнайды

Құрлықтық хоккей лигасында бақ сынайтын елорданың «Барысы» бүгін тұрақты чемпионаттағы кезекті матчын Нижнекамскінің «Нефтехимик» командасымен өткізеді, деп хабарлайды malimsports.kz.

«Барыс Аренада» өтетін ойын жергілікті уақытпен сағат 19:00-де басталады. Тікелей эфирде матчты Qazsport телеарнасы көрсетеді. Сондай-ақ трансляцияны телеарнаның ресми сайтынан да көруге болады.

Астаналық клуб соңғы төрт матчта қатарынан жеңіліп, сапардағы сериядан сәтсіз оралды. Михаил Кравец командасы «Торпедоға» (3:2), «Ак Барсқа» (3:1), «Салават Юлаевке» (3:1) және «Автомобилистке» (2:1 қосымша уақытта) жол берді.

Қазіргі таңда «Барыс» ҚХЛ-дың Шығыс конференциясында соңғы орындардың бірінде тұр. Команда 46 ойында 37 ұпай жинады. Ал «Нефтехимик» 46 матчта 49 ұпаймен конференцияда 5-орынға тұрақтаған.

 

 

Фото: "Барыс" ХК

Мақаланы бөлісу
Осы тақырыпта

Ұқсас жаңалықтар