Мәзір
Хоккей

Бүгін «Барыс» Мәскеуде «Спартакпен» ойнайды

Сабина Асқарқызы 146 қаралым
Бүгін «Барыс» Мәскеуде «Спартакпен» ойнайды

Еорданың «Барысы» бүгін Құрлықтық хоккей лигасындағы кезекті ойынын Мәскеудің «Спартак» командасына қарсы өткізеді. Кездесу Қазақстан уақытымен 19:00-де басталады, деп хабарлайды malimsports.kz.

Соңғы бес матчтың төртеуінде елордалық ұжым осы қарсыласына есе жіберген. Қазіргі турнир кестесінде «Барыс» 47 ұпаймен 19-орында тұрса, «Спартак» 68 ұпаймен 12-сатыда келеді. Айта кетейік, плей-офф кезеңіне алғашқы 16 команда жолдама алады. Қазақстандық клуб соңғы екі маусымда бұл кезеңге шыға алмады.

Бұл ойынға «Барыс» сапынан Аңсар Шайхмедденов жарақатына байланысты алаңға шықпайды. Сондай-ақ медициналық себептермен Эмиль Галимов бұл ойынға қатыспайды.

Алдағы кездесулерде «Барыс» сырт айдында өнер көрсетеді:

2 наурыз – СКА Санкт-Петербург (Ресей)

7 наурыз – Куньлунь Ред Стар (Қытай)

10 наурыз – Амур Хабаровск (Ресей)

12-13 наурыз – Адмирал Владивосток (Ресей)

 

 

Фото: "Барыс" хоккей клубы

Мақаланы бөлісу
Осы тақырыпта

Ұқсас жаңалықтар