Мәзір
Хоккей

Бүгін «Барыс» елордада «Шанхай айдаһарларымен» ойнайды

Сабина Асқарқызы 130 қаралым
Бүгін «Барыс» елордада «Шанхай айдаһарларымен» ойнайды

Бүгін елорданың «Барысы» Құрлықтық хоккей лигасы аясындағы кезекті ойынын Қытайдың Shanghai Dragons командасына қарсы матч өткізеді, деп хабарлайды malimsports.kz.

Кездесу елордада сағат 19:30-да басталады. Кейінгі бес ойында «Барыс» аталған қарсыласына үш рет есе жіберген. Қазіргі таңда қазақстандық клуб 45 ұпаймен турнир кестесінде 19-орында тұр, ал қытайлық команда 49 ұпаймен 18-сатыда келеді.

Айта кетейік, плей-офф кезеңіне алғашқы 16 команда жолдама алады. «Барыс» соңғы екі маусымда бұл межеге жете алмаған.

Елорда клубы келесі ойынын 22 ақпанда өз алаңында Ресейдің Северсталь командасына қарсы өткізеді.

 

 

Фото: "Барыс" ХК

Мақаланы бөлісу
Осы тақырыпта

Ұқсас жаңалықтар