Мәзір
Хоккей

Бүгін «Барыс» елордада «Амурмен» шеберлік байқайды

Сабина Асқарқызы 73 қаралым
Бүгін «Барыс» елордада «Амурмен» шеберлік байқайды

Бүгін Астанада Құрлықтық хоккей лигасының тұрақты чемпионаты аясында «Барыс» өз айдынында Хабаровскінің «Амур» командасын қабылдайды, деп хабарлайды malimsports.kz.

Ойын елорда уақытымен 16:30-да басталып, Qazsport телеарнасынан тікелей эфирде көрсетіледі.

Қазіргі таңда «Амур» 39 матчтан кейін 36 ұпай жинаған. Ал «Барыстың» еншісінде 40 ойыннан кейін 34 ұпай бар. Өткен матчта елордалық клуб өз айдынында Екатеринбургтің «Автомобилист» командасына 1:4 есебімен есе жіберді. Ал «Амур» да соңғы ойынында сырт алаңда Уфаның «Салават Юлаев» командасына 2:4 есебімен жеңілді.

 

 

Фото: "Барыс" ХК

Мақаланы бөлісу
Осы тақырыпта

Ұқсас жаңалықтар