457.61
493.07
4.99

Подписаться на новости:

Редакция Malim: +7 707 830 77 21

© 2025 Malim.kz Қоғамдық-саяси сайт!

«Барыстың» жаңа ойыншысының табысы көпшілікті таңғалдырды

Ресейлік журналист Михаил Зислис америкалық қорғаушы Логан Дэйдің астаналық «Барыс» клубындағы жалақысына қатысты мәлімет жариялады, деп хабарлайды malimsports.kz.

Оның айтуынша, 31 жастағы хоккейшінің бір маусымдағы табысы шамамен 35 миллион рубльді құрайды. Бұл қазіргі бағаммен есептегенде шамамен 235 миллион теңгеге тең.

Бұған дейін «Барыс» клубы Логан Дэймен ресми түрде келісімшартқа отырғанын хабарлаған еді. Тараптар бір маусымға арналған біржақты келісімге қол қойып, оның мерзімі 2027 жылдың 31 мамырына дейін белгіленді.

Айта кетейік, америкалық қорғаушы соңғы екі маусымда Ресейдің «Трактор» клубының намысын қорғаған.

 

Фото: ҚХЛ