«Барысқа» канадалық ойыншы келеді

Астананың «Барыс» хоккей клубы канадалық қорғаушы Тайлер Уотерспунды қатарға қосуды жоспарлап отыр, деп хабарлайды malimsports.kz «Головой Об Лед» Instagram парақшасына сілтеме жасап.
32 жастағы хоккейші жақын күндері елордалық клубпен ресми келісімшартқа қол қоюы мүмкін.
Уотерспун кәсіби мансабы барысында Ұлттық хоккей лигасында (ҰХЛ) «Калгари Флэймз» сапында 30 матч өткізіп, 5 (0+5) ұпай жинаған. Соңғы рет ол НХЛ-де 2016/17 маусымында мұз айдынына шыққан.
Өткен маусымда канадалық спортшы «Лаваль Рокет» командасының жейдесін киіп, 72 ойында 18 (2+16) ұпай еншілеген.
Өз карьерасында Тайлер Уотерспун келесі клубтар сапында өнер көрсетті:
«Портленд Уинтерхоукс»
«Эбботсфорд Хит»
«Адирондак Флэймз»
«Стоктон Хит»
«Сан-Антонио Рэймпейдж»
«Лихай Вэлли Фэнтомс»
«Ютика Кометс»
Егер келісім ресми түрде бекітілсе, тәжірибелі қорғаушы «Барыстың» қорғанысын күшейтіп, команданың ҚХЛ-дегі алдағы маусымдағы нәтижесіне оң ықпал етуі ықтимал.
Фото Getty Images


Ең көп оқылған
