457.61
493.07
4.99

Подписаться на новости:

Редакция Malim: +7 707 830 77 21

© 2025 Malim.kz Қоғамдық-саяси сайт!

«Барыс» жанкүйерлері бапкерлік штабты қызметтен босатуды талап етті

Қазақстан жанкүйерлер альянсы «Барыс» хоккей клубының бас директоры Сәкен Мұсайбековке үндеу жасап, «Барыс» пен «Снежные Барсы» бапкерлік штабының толық құрамын қызметтен босатуды сұрады, деп хабарлайды malimsports.kz.

Жанкүйерлердің айтуынша, соңғы баспасөз конференциясында клуб бас бапкері Михаил Григорьевич Кравецпен келісімді ұзарту жоспарлары туралы айтылғаны олардың наразылығын тудырған.

«Сіз өткізген қорытынды баспасөз конференциясында клуб бас бапкері Михаил Кравецпен келісімді ұзарту жоспарлары айтылғаны бізді таң қалдырды. Шын мәнінде, бұл жағдайға қатысты ренішіміз терең. Клуб бас бапкері ретінде елеулі жетістіктерге қол жеткізе алмаған, беделі төмен маманды қалай тағайындайды? Ол жиі даулы жағдайларға қатысып келеді. Ресей және Қазақстан хоккей қоғамдастығы – блогерлерден бастап мамандарға дейін – «Барыста» ештеңе өзгермейді деп пікір білдіріп, келесі маусымда клубымыз үмітсіз аутсайдер болып қала береді деп болжап отыр», – делінген үндеуде.

Айта кетейік, өткен маусымда «Барыс» Континентальды хоккей лигасының Шығыс конференциясында ондық орынға тұрақтаған еді.

 

Фото: "Барыс" ХК