«Барыс» хоккей клубының бапкері қызметіне қош айтысты
Қазақстандық белгілі хоккей маманы Андрей Шаянов «Барыс» клубының жүйесінен кеткені белгілі болды, деп хабарлайды malimsports.kz.
Жастар хоккейі бойынша беделді маман, «Барыс Жастар» клубының бас бапкері Андрей Шаянов команданы жоғары нәтижелерге қол жеткізіп отырғанына қарамастан қызметінен кеткен. Қазіргі таңда команда турнирлік кестеде бірінші орында тұр. Осыған байланысты бұл шешімнің бапкердің кәсіби көрсеткіштерімен байланысты еместігі атап өтілуде.
Андрей Шаяновтың бапкерлік жолы кең ауқымды қамтиды. Ол әр жылдары «Барыс» хоккей клубының бас бапкері, сондай-ақ Қазақстан ұлттық құрамасының тізгінін ұстаған. Оның қызметінен кетуі ел хоккейі үшін күтпеген әрі талқылауға тұрарлық оқиғаға айналды.
Фото: Ашық дереккөзден
Станимир Стоилов: Қазақ футболының мәселесі тек ұлттық құрамада емес
Ең көп оқылған