«Барыс» хоккей клубы жаңа маусымға арналған бапкерлер штабын таныстырды
Астаналық «Барыс» хоккей клубы алдағы маусымда командамен жұмыс істейтін бапкерлер штабын ресми түрде жариялады, деп жазады malimsports.kz.
Команданың бас бапкері қызметіне ресейлік маман Михаил Кравец тағайындалды. Оның көмекшісі болып қазақстандық маман Талғат Жайлауов жұмыс істейді.
Шабуыл шебіндегі ойыншылардың дайындығына Александр Савченков жауап берсе, қорғаушылармен Евгений Королев жұмыс жүргізеді.
Қақпашылардың бапкері қызметі Константин Барулинге сеніп тапсырылды.
Команданың физикалық дайындығына Денис Михайличенко мен Игорь Елисеев жауапты болады.
Ал бейнеталдаушы бапкерлер ретінде Сергей Тамбулов пен Владислав Белан қызмет атқарады.
Осылайша, «Барыс» клубы жаңа маусым қарсаңында бапкерлер құрамын толық жасақтап, алдағы жарыстарға дайындықты бастады.
Фото: Ашық дереккөзден
"Мбаппеге үлкен соққы": Моуринью "Реал Мадридтің" танымал ойыншысын сатуға ниетті
Ең көп оқылған